"Таразда отырып қалған қыздың кө*інен үш рет тебеді": Қыздың артынан тепсе, күйеуге шығатыны қаншалықты рас (ВИДЕО)

Тұрмысқа шықпаған қыздың жұмсақ жерінен тебу жаңадан шыққан ырым ба, әлді, ескі ырымды жаңғырту ма, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Видеода қалыңдық киімін киіп алған қыздың қасындағы құрбыларын артқы жағынан теуіп жатқанын анық көруге болады. Қыздар өз еріктерімен, қуана келіп тұра қалды. Бұл қалжыңмен түсірілген видео болуы да мүмкін. 

"Бұл ырым бар, отырып қалған қыздың кө*інен үш рет тепкізеді. Жаңа тұрмысқа шыққан қыз отырып қалған қызды тепсе, тұрмысқа шығады", "Таразда ауылды жерінде бар", "Жұғысты болсын. Мен де тепкізем ба?", "Ертерек байға тию деген", деп жазды оқырмандар. 

Сонымен қатар, "Көп баласы бар әжелер баласы жоқ, ұлы жоқ келіндерге осылай ырымдап тептіреді. Менің әжемнен көргенимін. Бір апамыз келінім көтерсін, перзентті болсын, ырымдап тебіңізші деп, келінін ертіп келген", деп тағы бір оқырман "ырымның" түрін айтты. 


Айта кетейік, мұндай ырымдар қазақта болған, болмағаны белгісіз. Бәлкім, халықтың өз ойларынан шығарып алғандары болуы керек. Адамды олай теуіп, ырым деу де қателік шығар.