Таразда өз несиесін төлеу үшін анасын тонаған қыз ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Белгісіз тұлға пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple watch сағатын ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды.

Күдіктінің айтуынша, ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болған. Ұрлаған заттарды ломбардқа өткізген. 



Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігімен “Ұрлық” бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.