Таразда полицейлер көлік ұрламақ болғандарды қолға түсірді

Машинаны ауладан қолды қылған азаматтар полицейлердің бұйрығына бағынбай безіп барады. Құтылмасын білді ме, әйтеуір тоқтауға мәжбүр болды. Өзін тым сабырлы ұстаған жүргізуші, «көлік қарындасымдікі»- деп бет бақтырмай қойған. Артынша машинаның бөгде біреудікі екенін мойындап, оны уақытша мінуге алдым деп ақталыпты. Бұл уәжге қызыл жағалыларды сендіре алмаған 27 жастағы екі жігіт дереу қамауға алынған. Дегенмен ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылыпты. Енді олар мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.     

Loading...