Таразда қала прокурорының көмекшісін өз үйінде атып кетті

Марқұмның туысы бірден басты күдікті ретінде іздестірілді. Полицейлер 21 жастағы қаскөйді Қордай бекетінде қолға түсіріпті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Ерлан Ноғайбеков күдіктіге 39 мың долларды уақытша сақтай тұруға берген көрінеді. Алайда ол қаржыны қайтаруға құлықсыздық танытқан. Ақшаны сұрай берген соң, бірден көзін құртуды жөн көрген. Ал, прокурор әйелімен ажырасып кеткен. Сондықтан қанды оқиға күні жары мен 4 жастағы қызы үйінде болмаған. Айта кетейік, қаза болған 28 жастағы азамат Жамбыл облысы прокурорының бұрынғы орынбасары Күзембек Ноғайбековтың баласы. 


Бекет Аймағамбетов, Жамбыл облысы ІІД бастығы:

- Анықталғандай, күдікті қылмысқа жан-жақты дайындалған. Яғни атыс қаруын, шолақ мылтыққа айналдырған. Және мәйітті жасыру мақсатында, полиетилен қаптарды дайындаған. Тергеу барасында, қылмыс құралы табылып, қазір тәркіленді. Қылмыскер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.