Бұл мектепті ашудағы басты мақсат - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында халыққа алғашқы санитарлық-медициналық көмек негіздерін ұйымдастыру мен бағдарлама үрдістерін іске асыру.
Денсаулық мектебінің ашылу салтанатында сөз алған емхананың бас дәрігері Жеңіс Тойшыбекованың айтуынша, бұл орталықта қарттар, еңбек ардагерлері кез келген уақытта келіп, өздеріне ұнайтын істермен де айналыса алады. Сонымен қатар, зейнеттік демалысқа шыққан қарттардың саламатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулықтарын тұрақты қадағалап отыруына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, мұнда бейнелеу, тоқыма тоқу өнері, театр студиялары, түрлі спорттық үйірмелер бар. Қажет болған жағдайда дәрігер мамандардан кеңес те алуға болады.
Денсаулық мектебінің ашылу салтанатына жиналғандар қуаныштарын білдіріп, алғыстарын айтып жатты. Жиын барысында қарттарымыз ұлттық билерін билеп, әндерін айтып, әрқайсысы өз өнерлерін ортаға салды. Алдағы уақытта қарт адамдар мектебі барлық емдеу - алдын алу ұйымдарында ашылады деп жоспарланып отыр,деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.