Таразда Қазақстан театрларының XVIII республикалық фестивалі басталды

Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл шара Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты - театр өнері арқылы Отан қорғаушылардың келбетін ашу, сөйтіп өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстан театрларының репертуарын жоғары көркемдік деңгейдегі туындылармен толықтыру болып табылады.

Фестивальге 9 кәсіби драмалық және музыка-драмалық, музыкалық комедия, балалар театры қатысады.