Таразда қолдан жасалған он мыңдық теңгелерді сатушы ұсталды

"Жамбыл облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл іс-шара кезінде "Талас" ықшамауданында 19 жастағы Тараз тұрғынын құрықтады. Ол 60 мың теңге көлеміндегі жасанды ақшаны Жамбыл ауданының Шайкұрық ауылының тұрғынына сатпақ болған. Ұсталғаннан қолдан жасалған 10 мыңдық 6 купюра тәркіленді", -деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.