Өздері көзден таса қылып алған қаскөйді тәртіп сақшылары тәулік бойы табанынан таусылып іздеген. Шаһардан бір көлікті шығармай түгел тінтіді. Тек, қауіпті қылмыскердің бостандықта жүргенін жұртқа ескертудің орнына, қызыл жағалылар жағдайды барынша жасырған. Қашқын ұсталғаннан кейін ғана одан көз жазып қалғандарын мойындап отыр. Тіпті, бір күннен асырмай қолға түсіргендерін ерлікке теңейді. Ал жер сипап қалуларына қарауылдың көзі ілініп кетуі себеп болыпты. Қазір көлік жүргізушісі мен ұйқыбас полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Нұржан Қалметов, Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:
-Бұл жерде былай болып отыр. Машинамен келе жатады. Көлік қызыл бағдаршамға тоқтайды. Қазір анықтап жатырмыз. Аналар ұйықтап қалған шығар. Осы кезде есікті ашып қашып кеткен.