Таразда қымбаттаған жарық бағасы тұрғындарды шошытты

Айнұр Өтегенова – екінші топтағы мүгедек. Тумысынан кемістігі бар қыз қамқоршысымен бірге тұрады. Ақшасын жиып, өткен жылы осы жатаханадан бір бөлме алыпты. Үйінде теледидардан басқа тоққа қосылатын техника жоқ. Айына жарыққа небәрі екі мың теңге төлеп жүрген бойжеткен соңғы келген түбіртекті көргенде есінен танып қала жаздады.

Айнұр Өтегенова, Тараз қаласының тұрғыны:

-Жарыққа  маған 42 мың келіпті осы айға. Мен күнде азаннан кешке дейін жұмыстамын. 10-ы күні келгенін қарасақ 42 мың. Азаннан кешке дейін жұмыстамын, жақпаймын. Тек теледидар көреміз, болды.

Жатақхана тұрғындары жарыққа артық шығын төлеу жағдайы бұған дейін де туындаған деп отыр. Электр қуатын тарату мекемесіне берешегі жоқ екенін дәлелдей алмай, ақыры қыруар қыржыны беріп құтылыпты. Енді сол келеңсіздік тағы қайталанды деп күйінеді.

Айгүл Арыстанова, Тараз қаласының тұрғыны:

-Бұрындары менде 2500, 2900 ары кетсе 3000 келген. Былтыр жазда арестон қосқан кезде 3900 келген ал енді ештеме қоспағанның өзінде 25 000 теңге келіп тұр.

Тұтынушылар артық ақшаның қайдан шығып жатқанын мекемеден де сұрап біле алмаған. Бүгін шу шыққан жерге шұғыл жеткен серіктестік өкілі де оның себебін түсіндіре алмады.   Жұрт әр пәтерге тиесілі электрондық есептеуіш құралының бір бөлмеге топтастырылуына да қарсы. Айтуларынша, жабық бөлмеде орнатылған қондырғының көрсеткішін бақылау мүмкіндігі жоқ. Сондықтан оған емін-еркін кіретін тоқ тарату мекемесінің мамандары білгенін жасауы мүмкін деп күдіктенеді. Сол үшін есептеуіш құралын әр тұтынушының пәтеріне ілуді талап етуде.

Loading...