Таразда Қырғызстан жерінде болған жер сілкінісінің дүмпуі сезілді

"Таразда қуаты 2 - 2,5 балл жер асты дүмпуі сезілді",- деп хабарлайды мекеме.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының мәліметтеріне сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 440-шы шақырымда, Қырғызстан аумағында болған. "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ ғимараттардың қирап, бүлінуі туралы ақпарат түскен жоқ", - деді баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті