Таразда сауда жасайтын әйел базарды көшіруге қарсылық ретінде онда жарылғыш зат қойылды деген жалған мәлімет таратқан

Дабыл бойынша ол жерге тәртіп сақшылары келеді. Олар базар аумағын мұқият тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппайды.

Іздеу шаралары барысында ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Байзақ ауданында тұратын 1973 жылғы әйелді ұстаған. Одан қоңырау шалынған телефон мен сим-карта тәркіленді.
Ұсталған әйел мұндай әрекетімен өзі тауар таратушы болып істейтін орталық базардың көшірілуіне қарсылық танытпақ болғанын мойындаған. Жалған террорист уақытша қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.