Таразда саудагерлер базарға бомба қойылды деген хабарға сенген жоқ


-Тезірек нысанды босатыңыздар. Тезірек шықсаңыздар, тезірек тексереміз деді. Ертең азанда жұмыс орындарыңызға қайтып келесіздер деді.

Базарда жарылғыш заттың барына саудагерлер сенбей отыр. Өйткені бұрын орталық сауда нысанында да осындай жағдайлар жиі-жиі болып ақыры бәрін сол жерден көшіріп жіберіпті. Бұл жолғысы да бәсекелестердің құйтырқы әрекеті болуы мүмкін дейді. Қазір орындарынан қашып шыққан кәсіпкерлер сонда қалған тауарларына алаңдауда. Ал полицейлер аумағы ат шаптырым сауда нысанының қуыс-қуысына дейін мұқият тексеріп көпшіліктің үрейін ұшырған бомба сол күйі тапқан жоқ.