Бұл көрініс «Тәуке хан» мен «Бауыржан Момышұлы» көшелері қиылысында түсірілген. Биіктігі 5 метрге жуық темір бағана үстінде жеткіншектің не істеп жүргені түсініксіз. Құлап кетсе, жазым болары айдан анық. Бейнежазба авторы: баланың селфи жасауы мүмкін немесе өзіне қол салмақ болған деп топшылайды. Жүрек жұтқан жеткіншектің одан арғы тағдыры белгісіз. Қазір оны тәртіп сақшылары іздеп жатыр.
Loading...