Таразда шенеуніктер жанып кеткен кеңселерін өздері жөндеп жатыр

Ғимараттың 2-ші және 8-ші қабаттарына едәуір зақым келген.Сондықтан осы екі жерде жөндеу жұмысы қарқынды. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев әр басқарма өзіне тиесілі аумағын екі күнде қалпына келтірсін деп тапсырма берген. Алайда атқамінерлер құрылысқа тайлы-тұяғымен жұмылса да, тапсырма орындалмады. Ал нысанның сыртқы келбеті боялып біткен. Бірақ сүреңсіз түсі сынға ұшырауда. Өткен жұмада облыс әкімдігінің барлық басқармалары шоғырланған ғимараттан өрт шығып, тоғыз қабатты нысан әп-сәтте отқа оранған еді. Ішінде қалып қойған ондаған адам, терезеден қарғып әйтеуір аман қалды. Ыс тиіп, қол-аяғы сынған 9 адамның алтауы әлі күнге ауруханада жатыр. Әзірге өрт электр сымдарының тұйықталуынан тұтанды деген болжам бар.

Loading...