Таразда сотталған боксшылардың туыстары істі полицейлердің бұрмалағанын айтты

Осыдан тоғыз ай бұрын Таразда төрт жігіт Қырғызстан азаматынан бір миллион алты жүз мың теңгесін күшпен тартып алған. Тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген адамдарды ұстады. Олардың арасында бокстан бірнеше дүркін ел чемпиондары Мұрат Құралбаев пен Ерлан Әбдірайымов та бар. Алайда қос боксшының ата-аналары ұлдарының бұл қылмысқа еш қатысы жоқ екенін айтуда.

Гүлжамал Құтымова, Мұрат Құралбаевтың анасы:

-Жәбірленуші сотқа келіп айтты. Менің баламның ол жерде қатысы жоқ екенін. Қылмысқа қатысқан Байғозие вте айтып отыр оны ОҚО Түлкібас ауданының балаларымен бірге істегенін.

Спортшылардың кінәсіз екенін жәбірленуші Эрнес Беремқұлов та айтып отыр. Қырғыз азаматы ұсталғандардың арасынан тек біреуін ғана танитын болып шықты.

Эрнес Беремқұлов, жәбірленуші:

- Бергі балаларды ақшаң шығады дегесін бар дей салғам. Ерлан, Мұрат, Руслан үшеуі жоқ. Мына бала болған. Мына баланы танып тұрмын. 

Суреттегі Бағлан Байғозиев те сотта сыбайластарының атын атап, түрін түстеп берген көрінеді. Соған қарамастан жазықсыз жандар қамалып кетті дейді ата-аналар. Төртеуі де алтыдан он жылға дейін сотталды. Ең ауыр жазаны атышулы ағайынды Қырықбаевтардың бірінің ұлы арқалаған.


Орал Әбдірайымов, Ерлан Әбдірайымовтың әкесі:

- Біздің балаларымыздың Қырықбаевтарға еш қатысы жоқ. Полицейлер істі бұрмалап, солай көрсетіп отыр. Демек, оларға біздің боксшыларымызды қамау керек болған.   

Басты күдікті Бағлан Байғозиев жәбірленушіге келтірілген залалды толық өтеп берген екен. Сондықтан ол 6 жарым жылға сотталды. Қырықбаевтардың туысы 10 жыл арқалады. Ал әке-шешесі қорғап отырған екі боксшы 8 жылдан арқалаған. Енді әділдік іздеп Алматыға дейін келген ата-ана аппеляциялық шағым түсіріп, істің қайта қаралуын талап етіп отыр. 

Loading...