Таразда тепловоз бен жедел жәрдем көлігі қақтығысып қалды


Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Апат салдарынан «жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісі, фельдшер мен 1985 жылы туған азаматша түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Аталған оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.