Таразда төгілген улы қышқылдың ауаға тарауы экологтарды шошытып отыр

Ресейден келген күкірт қышқылына лық толы 15 вагон «Қазфосфат» серіктестігіне жеткізілуі тиіс еді. Жарым жолда тіркеменің жетеуі жолдан шығып кетті. Үш цистернадағы улы сұйықтық жол бойына төгілген. Кешеден бері құтқарушылар оқиға орнында кірпік қақпай жүр. Себебі төгілген химиялық заттың зияны көп. Ауаға де шекті мөлшерден көп химикат тарап кеткенін экологтардың өздері мойындап отыр. Бірақ зардабын тартқандар жоқ деп мәлімдеді. Ал апаттың нақты себебі әлі белгісіз.


Даниярбек Атауоллаұлы, Жамбыл облыстық экология демаптаменті басшысының орынбасары:

-Айтмосфералық сынмалар алынды. Төгілген, ластану аумағы 86 шаршы метрды қамтыды. Сынаманың  яғни  2-2,5   нормадан асқандығы байқалды.

Loading...