Таразда төрт адам, соның ішінде екі бала көмірқышқыл газынан уланып қалды

Төтенше оқиға бейсенбі күні Әбішев көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. "Көмір қышқыл газынан улану салдарынан төрт адам, соның ішінде 8 жасар ұл мен 12 жасар қыз бала зардап шекті",- дейді ақпарат көзі. "Зардап шеккендер емханаға жеткізілді",- деді ол.

Уланудың себебі көмір жағатын пештің ақауы болып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті