Алғаш рет аймақта Жамбыл облысының үш тұрғынына жүрегі ауыратын науқастардың кенеттен жүрегінің тоқтап қалуын алдын алуға мүмкіндік беретін заманауи құрылғылар орнатылды.
Ота ел аймақтарында жоғары мамандандырылған көмекті дамыту аясында мемлекеттік бюджет есебінен жасалды. Отаның үшеуі де сәтті өтті, пациенттер өздерін жақсы сезінеді.
«Кенеттен болған өлімнің 80 пайызында оған жүректің аритмикалық дерттері себеп болады. Жаңа медициналық технология - кардиовертті-дефибиляторды имплантациялау бүгінгі таңда жүрек аритмиясының алдын алуда жалғыз тиімді әдіс болып табылады. Қазақстанда бұл технологияны Алматы мен Астананың тек үздік клиникалары қолданады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Екатерина Калиткина.
Дефибиляторды имплантациялау бойынша шеберлік сыныбы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының маманы Әдиля Байымбетованың көмегімен жүргізілді. Бұл технологияны енгізу бойынша бастаманы облыстық аурухананың интервенциялық кардиология және рентгенэндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Берікбек Керімқұлов көтерді, деп атап өтті Е.Калиткина.