Көптен бері жасырынған келіншек бүгін тұңғыш рет тілшілерге сұхбат берді. Үйінде арқа-жарқа жүрген ана мен бала енді тек бейімдеу орталығында қауыша алады. Фатима Басманова бүгін ұлының сүйікті тамағын қолтықтап тағы осында келді. Серіктің де шешесін қатты сағынғаны байқалды. Әйелдің айтуынша, жағдай бұлай ушығады деп «үш ұйықтаса түсіне» кірмеген. Дауға себеп дүкен сатушылары деп отыр. Баланың жотасындағы соққының орнына иодтты өкірте жағып, адам шошырлық күйге түсірген. Қазір арқасын сүрткесін, бірен-сараң көгерген іздері ғана қалыпты.
Фатима Басманова, Серіктің анасы:
-Менің ұлымның сөзге тоқтауы қиын. Өз дегенін жасайды. Сосын тәртіпке салуға тура келеді. Шектен шыққасын компютердің шіңішке сымымен ұрғаным рас. Бірақ, интернеттегідей қанжоса қылғаным жоқ. Өзім көріп таңқалдым. Үтікпен күйдірді дегені де өтірік.
Фатима сауда орнының қожайыны әдейі отқа май құйды деп отыр. Өтірік қамқор пейіл танытқан еркек, жалғызбасты әйелге тоқалы болуға ұсыныс жасаған көрінеді. Қатын болудан бас тартқасын, құйтырқы әрекетке барды дейді.
Фатима Басманова, Серіктің анасы:
-Рамазан айында көмек көрсеткен сыңай танытады. Шешемнен қалған пәтерім бар еді, соның құжатын өзі сақтап қоюға сұрады. Мен бермедім.Соған қатты қызықты. Сосын өзімен көңіл қосуды сұрады. Мен қарсылық білдірдім. Әйтеуір айналшықтап шықпайды.
Мұны естіген кәсіпкер жағасын ұстап отыр. Өзіне тағылған айыпты түгел жоққа шығарды. Келіншекке қарсы жауап айтудан бас тартқан ол, тілшілерге де түсініктеме берген жоқ. Ал, 7 жастағы Серік бейімдеу орталығының бас ауруына айналған сыңайлы. Кісіге бағынбай ылаң салып жатыр екен. Анасы енді оны әкету үшін құжат жинап жүр.
- Я плохая мама? Я тебя каждый день бью?
-Нет.Ты хорошая.
Бұл шытырман оқиғаның бүгін-ертең аяқталар түрі жоқ. Сауда үйінде баласын еркінен тыс ұстап, оған күш көрсеткені үшін анасы дүкен сатушылары үстінен арыз түсірген. Өзі де сол дөрекі кісілерден жәбір көрдім деп отыр. Мәселенің енді тек сотта шешілетіні анық.
Loading...