Ұлттық банк бөлімшесінің маңында орналасқан ерекше ескерткіш тот баспайтын металдан жасалыпты. Тиынның бір бетінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы, 15-ші қарашадағы жарлығы қашалып жазылған. Ал, келесі бетінде, қазақ теңгесінің ең алғаш, осы Тараз қаласында айналымға енгені көресетіліпті. Көлемді тиынды, бірнеше банк қызметкері өз қаражатына құйдырған. Бірақ, қаржыгерлер оған қанша ақша кеткенін құпия қалдырды.