Таразда зейнеткерді өлтіруден бас тартқан киллер тапсырыс берушіні полицияға ұстап берді

Алайда жеме-жемге келгенде, жасы тоқсанға тақаған әжейді ажал құштыруға бұрын істі болған баскесердің қолы бармаған. Сөйтіп, кісі өлтіруге жалдаған әйелді тәртіп сақшыларына ұстап берді. Қала орталығындағы пәтерге зейнеткер мен күдікті әйел таласып, ақыры сот істі біріншісінің пайдасына шешкен екен. Мұнымен келіспеген әйел дереу кемпірдің көзін құртып, өзі баспананы иеленбек болған. Бірақ арам ойы жүзеге аспады. Тапсырыс берушіні қылмыс үстінде құрықтау үшін пәтер иесінің өлімі жасанды түрде қолдан ұйымдастыруға тура келді. 

Loading...