Таразда жабылып қалған оқу орны студенттердің құжатын бермей жатыр

Мөлдір Жақсылықова, студент:

- Екі жақта неге бір-ақ кабинет? Екі жақ немесе үш кабинет деп бөлмей ма, неге біреу ғана? Бес-алты  кабинет ашса, өйткені, студент деген көп қой мұнда.

Білім беру талаптарына сай келмеуінен Жамбыл Гуманитарлық-техникалық университеті сәуір айында сот шешімімен қызметін тоқтатқан еді. 17 жылдық тарихы бар білім ордасының үш мыңнан асатын шәкіртін жан-жаққа бір-ақ күнде таратуға тура келді. Алайда оқу жылының басталуына санаулы күндер қалса да, әлі күнге құжаттарын қайтарып ала алмағандары көп. 25 тамызға дейін үлгермесе, басқа білім ошақтарының қабылдауы да екіталай. Сондықтан бәрі жанталасып жатыр. Ал университет әкімшілігі тәлімгерлердің барлығы бір мезетте келіп, мамандар жетіспегендіктен осындай жағдайға тап болдық деп отыр. 

Тұрсын Төлеев, Жамбыл Гуманитарлық-техникалық университетінің проректоры:

- Кейбіреулерге дипломның, аттесттаттың көшірмесі керек боп қалады кей жағдайда. Соларды алып жатыр бұлар. Сондықтан мұның бәрін, әр жеке іс-қағазды ашу керек. Ол жерде 4 адамнан артық симайды қызметкерлер. Өзі кішкентай ғана бөлімде.