Таразда жайнамазды теуіп, намаз оқыған балаларды балағаттап қуған жаттықтырушы қызметінен алынды

Бұл туралы ZhambylNews-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков жауапты азаматтың жазаланатынын айтты.

«Желіде тараған видеоға байланысты екі жақтан да түсініктеме алынып, жауапты азаматтар жазаланады» – деді Жүнісбеков.

Жаттықтыушы Алмат Баетов Сейтнасимұлы 1966 жылы туған. Ол жоғары санаттағы жаттықтырушы. Еңбек өтілі 33 жыл. 2011 жылдан бастап мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында жұмыс істейді.


Видеодан
жаттықтырушының намаз оқып тұрған балаларды күштеп шығарып, жайнамазды тепкені байқалады. Оқиға Тараз қаласындағы “Атлетик” спорт кешенінде болды. Жаттықтырушының ісі педагогикалық этикаға сай болмағандықтан жұмысынан қуылды.