Таразда жалған ақша басып шығаратын 2 цех қызметі әшкереленді - Қаржы полициясы

Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Олар ауыр қылмысты жасау үшін көпфункционалды түрлі түсті принтерді, дербес компьютерді, арнайы қағазды және жалған купюра жасалатын қағазды кесуге арналған құралдарды пайдаланған.

Қазіргі уақытта аталған қылмыстарды жасаған  А.Тетіков, М.Шұрымбаев, А.Ванаймоз және П.Аслановқа қатысты ҚР ҚК 206-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тараз қаласының №2 соты санкциясымен олардың барлығы да тұтқынға алынып, тергеу абақтысына қамалды.


Департамент қызметкерлері аталған қылмыстық істі тергеу барысында А.Тетіков, М.Шұрымбаев, А.Ванаймоз және П.Аслановтың бірнеше жыл бойы Қазақстан аумағында түрлі номиналдағы  жалған ақша купюраларын дайындау, сақтау және өткізге қатысты 500-ден астам іске қатысы бар екендігін анықтады.