Жамбылдағы ай-күні жақындаған барлық жүкті әйелдердің тізімі алынып, тәртіп сақшылары оларды үйме-үй түгел тексеріп шыққан. Сөйтіп, Тұрар Рысқұлов ауданының 21 жастағы тұрғынын анықтап отыр. Екі жастағы қызы бар келіншек ажырасқан екен. Дегенмен күйеуімен байланыста жүріп, ақыры жүкті болып қалған. Өзі туыстарына қарайтын бет қалмаған соң осындай қатыгездікке бардым деп ақталыпты. Қаңтардың үшінде жолаушының бірі тас жолдың бойындағы дәретханадан жаңа туған шақалақты тауып алған. Терең шұңқырдағы сәби еденді бұзу арқылы зорға шығарылған. Көрер жарығы бар нәрестенің қазіргі халі жақсы. Аудандық ауруханада жатыр. Ал тасжүрек шешесі 4 жылға сотталады немесе аналық құқынан айырылуы мүмкін.
Loading...