Таразда жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарға байланысты полиция бөлімшесі эвакуацияланды

Оқиға орнына ҰҚК, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мен полиция сынды қаладағы шұғыл қызметтердің өкілдері келіп жетті. Ғимарат аумағын полиция қызметкерлері қоршауға алды. Қазір оқиға орнында саперлер мен кинологтар жұмыс істеуде.