«Арман» деп аталатын байрақты бәсеке 10 наурызда жалауын көтерді. Онда алматылықтардың намысын «Қайрат-94» командасы қорғауда. Олар «Тобыл» (Қостанай), «Тараз-2» (Ұлан), «Атырау» (Талдықорған), «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент), «Қайсар» (Қызылорда) және «Шахтер» (Қарағанды) командаларымен бір топта бақ сынауда. Екінші топта - «Астана» (Астана), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ертіс» (Павлодар), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Сұңқар» (Қаскелең), «Тараз-1» (Тараз), «Каспий (Ақтау) мен «Ақжайық» (Орал) топтасқан. Алматылықтар алғашқы ойынын тараздықтармен, ал екінші ойынын қарағандылықтармен өткізбек. Турнир жеңімпазы 21 наурызда өтетін ақтық ойында белгілі болады