Басын бәйгеге тіккен жастар кешеден бері отпен алысып, жалынмен арпалысуда. Апатты жерден аянып қалмай, жәрдем сұрағандарға да шұғыл көмек көрсете білді. Бүгінгі тапсырма: жалын шарпыған биік нысанға шығып, өртті ауыздықтау. Жігерлі жастар осы міндетті мүлтіксіз орындады. Күннің аптап ыстығы да оларға кедергі емес. Жарыс әлі де жалғасып жатыр. Бәсекені бақылап отырған төтенше жаңдай мамандары арасынан үздіктерін өздері анықтайды. Сөйтіп, оқушылар мен колледж студенттерінің келешекте осы салаға келулеріне жәрдемдеспек.
Loading...