Таразда жазасын өтеушілердің туыстары түрмеге басып кірмек болды


-Іште балалардың бәрін ұрып жатыр деді. Біреулер ауруханаға барып келді. Шыққан машиналардың артынан барып келді, аяқ қолы сынған.

Дегенмен жиналғандардың ішке кіргісі келген әрекетінен түк шықпады. Полицейлер оларды түрменің маңынан түріп шықты. Жақындарының жай-күйін біле алмай, барлығы ақыры сағаттап күнге қақталып тұрып қалды. Суыт хабарды естігендердің арасында тіпті есінен танып, дәрігер көмегіне жүгінгендері де бар. Ал түрме әкімшілігі болса тінту жұмыстарының әлі де жалғасатынын айтып, сырттағы жұртты жұбатқан болды. Бұны колониядағылар арандату үшін әдейі ұйымдастырған дейді. Бірақ, түрме басшылығының уәжіне ешкім сенбеді.