Caravan Logo

Таразда жедел жәрдем ауруханаға жетпей көз жұматын науқастардың көбею себебін түсіндірді

Таразда жедел жәрдем ауруханаға жетпей көз жұматын  науқастардың көбею себебін түсіндірді

Шұғыл шақыртумен шыққан жедел жәрдем көлігіне мына жүргізуші пысқырған да жоқ. Ескертпе дыбысты да елемей өте шықты.Тіпті кейбірі кес-кестеп мүлдем жол бермей, салдарынан науқастарды тасымалдауға қиналамыз дейді дәрігерлер. Былтыр 49, ал биылғы алты айдың өзінде 25 адам ауруханаға жете алмай жарты жолда ажал құшқан. Ал, мына жол апаты ел-жұрттың жағасын ұстатты. Сырқат баланы әкеле жатқан арнайы көлікті жүргізуші жеңіл көлігімен бүйірден соғып аударған. Бес адам жараланды. Дәрігерлер енді осылай ереже бұзып, адам өміріне қауіп төндіргендерді қатаң жазалауды талап етуде.


Шолпан Қонысбаева, Жедел жәрдем стансасының дәрігері:

-Біз көлікпен алып шыққан ауруды жеткізе алмаймыз. Кептеліс бар. Болмаса, арнайы көліктерге жол бермейді. Екіншіден бізде ереже дұрыс пайдаланылмайды.

Loading...