ҚР білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Тараздан 215 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстік-батыс бағытта 400 шақырым жерде тіркелген. Таразда дүмпу күші 2 балл болды.
"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", делінген министрліктің хабарламасында.