«6 желтоқсанда жылдамдығы 28 м/с, екпіні 32 м/с-қа жеткен күшті жел салдарынан Таразда Жамбыл даңғылы бойында орналасқан ЖД 158/1 Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті әкімшілік ғимаратынының металл шатырын жұлып кетті», - делінген хабарламада.
Зақымданған алаң аумағы 200 шаршы метрді құрады, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады облыстық ТЖД-інен.