Таразда жол апаты салдарынан 2 адам, соның ішінде бір жасар бала қаза тапты

Мекеме мәліметінше, 7 қарашада 13 сағат 30 минутта "Мицубиси" көлігінің жүргізушісі темірбетон қоршауға соғылды.

Апат салдарынан 40 жастағы әйел оқиға орнында қаза тауып, бір жасар бала ауруханада қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен қаладағы ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті