Полиция инспекторы жарысқа келе жатқан спортшы балаларға лық толы автобусқа жол бастап жүрген. Кенеттен қиылыстан жүйіткей шыққан БМВ қызметтік көліктің бүйіріне соғылыпты. Салдарынан инспектор сол жерде жан тәсілім еткен. Ал онымен бірге болған әріптесі, сондай-ақ, екінші машинаның жүргізушісі мен жолаушысы жараланды.
Loading...