Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше 22 сағат шамасында Жамбыл даңғылының бойындағы "Тараз" қонақ үйінің мыңында болған. Белгісіз жүргізуші жаяу жүргіншіні соғып, жол-көлік оқиғасы болған жерден ізін жасырған. Жәбірленуші бүгін таңертең қалалық аурухананың жан сақтау бөлімшесінде есін жимастан көз жұмды.
Белгілі болғандай, туристік сапарда жүрген Ганновер тумасы кеше Алматыдан келген.
Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлері жәбірленушіге көмек көрсетпеген жүргізушіні іздеу жұмыстарын жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті