Таразда жұмбақ жағдайда өлген жігіттің туыстары полицейлерді айыптады

Қайғыдан қан жұтқан ананың тағдырдың жазмышына көнбестен басқа амалы жоқ. Оның 22 жастағы ұлын белгісіз біреу бақилық қылды. Мамырдың жетісі күні аулада отырған 4 жігітке оқ жаудырған. Атылған 4 оқтың екеуі Данияр Райымбаевқа тиіп, ол оқиға орнында қаза тапты. Өзімен бірге болған тағы үш жігіттің біреуінің омыртқасы жараланған.

Тасада тұрып оқ жуыдырған адам ізім-ғайым жоқ. Ал марқұмның жақындары полицейлерден күдіктенеді. Себебі, көзі тірісінде Даниярды инспекторлар негізсіз сабап тастапты. Қол жұмсағандардың үстінен арыз жызылып, өлерінен бір күн бұрын жігіт оларды тануға баруы тиіс екен.

Марат Райымбаев, Д.Райымбаевтың әкесі:

-Бізге прокуратурадан хабарласып айтты ғой. Алтысы күні хабарласады деп.  Жетісі күні біз азанда, бетпе-бетке менің балам айту керек қой осы болды деп. Соған жетпей отыр ғой, сол күні бала өліп отыр ғой.

О баста полицейлер өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады дейді Даниярдың әкесі. Тіпті ауызбастырыққа ақша да ұсынған. Алайда сомасына келіспей арыз жазып жіберіпті. Енді сол үшін баламнан кек алды деп отыр. Бірақ ішкі істер департаментінің басшылығы бұны жала деп санайды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Полиция қызметкерлерінің осы қылмысқа қатысы бар деген күдік, жүргізілген тексеріс нәтижесінде өз дәлелін тапқан жоқ.

Қызыл жағалылар Даниярдың туыстарының тергеу ісі жүрмей жатыр деуі де орынсыз деп отыр. Қылмыстық іс қозғалып, қанішерді ұстауға білікті мамандар кірісіпті. Әзірге қандай қарудан оқ атылғаны белгісіз. Оны анықтау үшін баллистикалық сараптама жасалуда. Ал Даниярдың тәртіп сақшыларының үстінен жазған арызы бойынша әлі тергеу жүріп жатыр екен.

Loading...