Таразда "Ауыл-Береке" базары өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды. Тілсіз жау бірнеше контейнерді шарпыған. Тауарларын құтқаруға тырысқан саудагерлер оларды көшеге тасыды. Тауарлардың басым бөлігі киім-кешек. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, киім сататын тоғыз бутик жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы - 700 шаршы метр. Өрт сағат 09.47-де ауыздықталып, 10.01-де сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-дан 49 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.