Тиісті қаулы «Әділет» ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжат мәтінінде Жамбыл облыстық әкімдігі мен облыстық мәслихат заңға сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Тараз қаласындағы «Достық» алаңына «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
«Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінеді құжатта.
«Достық» алаңының атауын өзгерту туралы қаулы биылғы жылдың маусым айында бұқара талқысына ұсынылған.