«Тараз-коммуналкөлік» мекемесі тығырықтан шығу үшін алақан жайып, әкімдіктен ақша сұраған. Бірақ ондағылар ауыздарын қу шөппен сүрткен көрінеді. Шығыны көп паркті қазына қаржысына ұстап тұру тиімсіз деп тапқан. Осыдан екі жыл бұрын 20 млн. теңгеге дейін дотация бергізіп келген шенділердің бұл жолы не үшін тартынып қалғаны түсініксіз. Былтыр ғана Алматыдан қайтарымсыз 10 қоғамдық көлік алынған екен. Енді сол ескі троллейбустары түкке жарамай, қаңтарылып тұр. Ал 35 жылдық тарихы бар паркті қайта жандандыруға мүдделі басшы, билікке өзі де ұсыныс жасап отыр. Бірақ одан нәтиже шығатынына сенбейтін сияқты.
Керімхан Тамаев, «Тараз-коммуналкөлік» ЖШС директоры:
-Біздің сұраныс муниципалдық автобус сатып алып берсе дейміз. Осы біздің 10-15 тролейбус жүретін болса, оған қосымша 20 газбен жүретін автобустар болса, біздің шығындарымызды электр энергия және еңбекақыға толығымен жетер еді. Мұндай тәжірбие Алматыда бар.