Тараздағы жарылыстан таң намазын оқып тұрған қыз аман қалды


Бұл туралы журналист Көсемәлі Сәттібайұлы өзінің фейсбук парақшасында жазды деп хабарлайды Qamshy.kz.

"Тосын апаттан зардап шеккендер туралы тың мәліметтер толастар емес. Жарылыс болған көпқабатты үйдегі қираған пәтердің бірін жалға алған қыз үйреншікті әдетімен таң намазын оқып тұрыпты. Күтпеген жерден болған жарылыстың салдарынан пәтерінің едені опырылып, төмен қарай құлағанда намазхан қыз да қирандылармен бірге астыңғы қабатқа бір-ақ бұрқ ете түскен ғой. Құдайдың құдыреті, аман қапты, тек аяғы сынған дейді", деп жазды Көсемәлі Сәттібайұлы.