Сапардың алдында оларды Жамбыл облысының әкімдігінде құттықтап, жолға шығарып салды. Кейбір ардагерлер үшін бұл әскери жылдардан кейінгі екінші сапар болады.
Мерекелік бағдарламада қазақстандық ардагерлердің Санкт-Петербургтегі салтанатты шеруге қатысуы, жергілікті билік өкілдерімен кездесуі, журналистермен сұхбаттасуы және қала бойынша экскурсия жасауы жоспарланған .
"Ленинград - біздің екінші отанымыз, бұл тамаша қаламен біздің рухани байланысымыз бар", - деді ардагерлер.
Ардагерлер Қазақстан мен Жамбыл облысын бейнелейтін сый- сыяпаттарын ала кетті, соның ішінде "Байтеректің" макеті де бар.