Тараздың әуежайында ұшақ апаттық жағдайда қонды, зардап шеккендер жоқ

Төтенше оқиға кеше Астана уақытымен 17.18 болған. "Тараз - Сабиха (Түркия) бағытында ұшқан "ДЕТ-Эйр" (Қазақстан) әуекомпаниясының Ил-62 ұшағы бірінші қозғалтқыштың істен шығуының салдарынан майдың қысымы түсіп кетуіне байланысты апаттық жағдайда қонған",- деп айтылған баспасөз қызметінің жұмада таратқан хабарламасында.

"Аптатық қону сәтті өтті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ",- деп атап өтті төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті