Тараздың прокуратура қызметкерін өлтірген адам он тоғыз жылға сотталды


Қылмыс қаруын жасырған сыбайласы қоныс колониясында бір жылын өткізеді.

Іс материалына сәйкес, былтыр қазан айында ол прокуратура қызметкерін қарызыңды қайтарамын деп үйіне шақырып алған да, басынан екі рет оқ атып, асүй пышағымен жиырма рет жарақат салған. Сол күні қылмыскер қаруын танысына жасырып қоюға берген.