Тараздық аяқдопшылар Түркияда Румыния чемпионатының көшбасшысынан 1:0 есебімен басым түсті


Бұл Румыния чемпионатының көшбасшысы үшін оқу-жаттығы жиынындағы алғашқы, ал тараздықтар үшін үшінші жолдастық кездесуі болатын. Олар бұған дейін 22 қаңтарда Нальчиктің "Спартак" командасымен 1:1 есебімен тең түсіп, 21 қаңтарда Әзірбайжанның Агдам қаласының «Қарабах» командасын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Тараздықтардың Түркиядағы бұл жиыны 8 қаңтарда басталған еді. Бас бапкер Любомир Петрович оған 22 спортшыны шақырған болатын. Сербиялық маман бұған дейін командада байқауда жүргендердің арасынан 2 бразилиялық және 1 португалиялық аяқдопшыны мерзімінен бұрын еліне қайтарған еді.