Жамбылдағы «Нұр Отан» ХДП филиалында қала тұрғындарымен кездесуінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты студенттерімен жүздесуінде Ж.Өтешова Мәскеуде өзі басқарып отырған достық пен мәдениетті қолдау және дамыту қорының қызметі туралы, сонымен қатар, қазақ тілінің тағдырына қатысты «Мәскеу: өмір өзен» атты жаңа кітабы туралы әңгімелеп берді.
«Мәскеуде тұратыныма қарамастан, мен туған елімінің патриоты болып қала беремін. Мен халықтық партияның осы бағыт бойынша ел ішінде көп жұмыс атқарып отырғанын білемін. Мен де өз тарапымнан республика аумағынан тыс қазақ тілінің дамуына үлес қосқым келеді. Мәскеудің өзінде 30 мыңға тарта қазақ тұрады емес пе», - дейді ақын.
Студенттер қазақ ақынына өлеңдер мен әндер тарту етті.