Тарбағатай ауданында бір отар қойды қасқыр қырып кетті


Жыртқыштар Ақжар ауылынан 20 шақырым жерде «Ұлар» шаруа қожалығының қойларын қырып кеткен.

13-ші шілдеден 14 шілдеге қараған түні 123 қойға қасқыр тигені анықталды. Олардың 20-сы қырылып қалған болса, 53-ін қасқыр тартып кеткен. Тағы 50 қойдың жоғалғаны белгілі болды. Тарбағатай аудандық ІІБ қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.