Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бокстан 22 қазан - 3 қараша күндері аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
25 боксшымыз сынға түскен айтулы бәсекеде Боранбек Бексұлтан (51 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжар-Али Бегалиев (75 келі), Елянур Турганова (50 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі) әлем чемпионы атанып, команды қоржынына 6 бірдей алтын салды.
Осылайша, жалпы жүлде қоры бойынша (6 алтын, 1 күміс,10 қола) жерлестеріміз әлем халқы көз тіккен жарысты абыроймен аяқтады.
Айта кету керек, 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының үздік боксшысы деп танылып, арнайы марапатқа ие болды.