Әлемге аты әйгілі түрік әншісі Таркан үшін 2015 жыл сәтті болмады. Жаз айларында бірнеше лаңкестік әрекеттер үшін концерттерін кейінге шегерген мегажұлдыздың 6 жылдан кейін жазған жаңа альбомының жазбалары өшіріліп қалды, деп жазады Haber7.com. Haberturk.com-ның хабарлауынша, Тарканның жаңа альбом үшін жазған әндерінің студио-жазбалары сақталатын дискі істен шығып қалған. Таркан 3 түрлі компаниямен бірге жазбаларды құтқаруға тырысқанымен, сәтті болмады. Егер бұл жазбалар қайта қалпына келмесе, Тарканға барлық әндерін қайта жазуға тура келеді. Айта кетейік, аталған альбом қаңтар айында шығуы тиіс болатын.