Тәркіленген қаруды сатып жіберген полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды


Ол бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады бейсенбіде облыстық прокуратурадан.
Сонымен қатар ол полиция майоры атағынан, құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқынан 7 жылға айырылды.
Істің материалдарына қарағанда, ол сейфте тұрған аң атуға арналған қаруды өз танысына сатқан, алдында ол қару иесінен пайдалану мерзімі өтіп кеткен соң тәркіленген болатын.